×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жасанды интеллекттен жасырыну қиын - ЖИ алименттен жалтарғанды тауып берді

17.03.2024, 10:35
Жасанды интеллекттен жасырыну қиын - ЖИ алименттен жалтарғанды тауып берді
Getty Images

Ақылды жүйе ер адамның көлікпен жүруіне де тыйым салынғанын анықтап берген, деп жазады Ulysmedia.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының айтуынша, жасанды интеллекті жыл басынан бері Павлодар қаласы бойынша осындай 17 көлікті анықтаған. Олардың иелері жалпы сомасы 10 млн теңге қарыз екен.

"Қорғау" ақылды жүйесі тыйым салынған көліктерді анықтап, белгі береді. Жүйе орнатылған полиция көлігі көшені патрульдеу кезінде ВАЗ-21150 автомашинасын тізгіндеп жүрген заң бұзушыны анықтады. Көлік құралының иесі 2 млн теңгеге жуық алимент қарызын төлемей келген. Ал көліктің жүруіне тыйым салынған. Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ер адам борышын толық өтегенше сонда тұрады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ЖИ Қазақстанды мақтаған мақалалар шетелдік БАҚ-қа тараған болатын.