×
$
441.91
€
499.05
₽
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.91
€
499.05
₽
5.3

Шымкент тұрғыны балалардан интимдік сипаттағы фото сұратқан

Бүгін, 13:53
Шымкент тұрғыны балалардан интимдік сипаттағы фото сұратқан
Polisia.kz

Шымкентте интернетте өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, балалармен танысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ойындар мен мессенджерлер арқылы танысқан

Ер адам интернеттен 10-12 жастағы балаларды іздеген. Олардың сеніміне кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстырған. Кейін балалармен мессенджерлер арқылы сөйлескен.

– Анықталған эпизодтардың бірінде ер адам онлайн ойын арқылы қыз баламен танысып, кейін оның телефон нөмірін сұраған. Осыдан соң WhatsApp желісінде хат алмасуды жалғастырған. Әңгімелесу барысында түрлі сылтаумен баладан интимдік сипаттағы фото және видео жіберуді сұраған, – деп хабарлады полиция.

Басқа да деректер тексеріліп жатыр

Ер адам ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Тергеу жалғасып, полиция ер адамның әрекетінен басқа балалардың да зардап шеккен-шекпегенін анықтап жатыр.