×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ауру қалса да әдет қалмайды: түрмеден шыға сап қыз зорлауға ұмтылған

17.03.2024, 12:59
Ауру қалса да әдет қалмайды: түрмеден шыға сап қыз зорлауға ұмтылған
Ашық дереккөзден

11 жастағы қызды зорламақ болған ер адамға 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Кентауда мектеп оқушысын зорламақ болған ер кісіге сот үкімі шықты. Алайда сотталушы үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Ол бұған дейін де қыз зорлап, жазасын өтеп шыққан екен.

Түркістан облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іске нүкте қойылды.

11 жастағы қызды зорламақ болған ер адамға 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген екен. 19 наурызда апелляциялық сот отырысы өтеді.

Кентаудағы сұмдық оқиға өткен жылдың 26 сәуірі күні кешкі сағат 20:00 шамасында болған.

11 жастағы оқушы үйінен дүкенге шыққан екен. Үйдің кіреберісінде бейтаныс ер адам оның жасын сұрап, әдемі екенін алға тартып, құшақтап алған көрінеді.

Қыз айқайлап көмек сұраймын дегенше ер адам оның тамақ тұсынан қатты қысып, қылқындыра бастаған. Ұрып-соққан. Кейін қызды аулаға алып шығып, ұрып-соғуды жалғастырған. Тіпті таспен басынан, бетінен ұрған екен. Үйдің артына дейін сүйреп апарып, ұрып-соғуын жалғастырған. Қызға шабуылдаған адам оны зорламақ болған. Оқиғаны қыздың көршісі көріп қалған соң ер кісі қаша жөнеліпті.

Полиция алғашында бұл оқиғаны «Бұзақылық» бабымен тіркеген. Кейін аталған жайт Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды.

Сотта сотталушы кінәсін тек жартылай мойындаған. Айтуынша, оқушы қызды зорлағысы келмеген. Бар болғаны, сөйлескісі келіпті.

Ең сорақысы, ер адам кезекті қылмысты жасамас бұрын 9 күн бұрын ғана бостандыққа шыққан екен. Яғни, ол бұған дейін Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Қыз зорлау) бойынша сотты болған.