×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ШҚО-да дәрігер қайтыс болған адамның атына трамадол жазып беріп отырған

18.03.2024, 17:52
Фото: ашық дереккөз

Риддер қаласында қайтыс болған адамның атына психотроптық заттарға рецепт жазып отырған дәрігерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҚО прокурорлары тексеру барысында Риддер қалалық ауруханасында есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі анықталған.

Трамадол — елімізде психотроптық заттардың тізімінде. Оны онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана өткізуге және беруге рұқсат етілген. Қалалық аурухананың онколог-дәрігері аталған талаптарды бұзып, психотроптық препаратты онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындаған. Содан соң рецептті психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға беріп отырған, - делінген ШҚО прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бүгінде дәрігерге қатысты ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Серіктес жаңалықтары