Қостснайда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 12 адам эвакуацияланды, олардың арасында 4 бала бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қостанай қаласында сағат 11.50-де 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы ас үйінен өрт шықты.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала бар. Сағат 12.08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамының 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.