×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірді (ВИДЕО)

29.03.2024, 10:26
Фото: видеодан скрин

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші мен жергілікті тұрғын арасында жанжал шыққан. Кадрларда ер адамның күзетшіні қолымен, аяғымен де аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті басына секіргенін байқауға болады. Тұрғын мұнымен қоймай, оны көлгімен де үш мәрте соғады. 

Журналист Полина Шиманскаяның желіге жазуынша, марқұмның артында үш кішкентай баласы қалды.

Алматыдағы беделді тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтіру оқиғасы бүгін түнде болды. 44 жастағы тұрғын күзетшімен жанжалдасып, оған зақым келтірді, салдарынан жігіт сол жерде көз жұмды. Артында үш кішкентай баласы қалды, отбасын асырау үшін пәтерде тұрып, екі ауысыммен жұмыс істеді, ақыры қайғылы оқиға болды. Тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, күдікті есірткіге мас күйінде бірнеше рет төбелес шығарған, олар полиция шақырған, бірақ бәрібір ондай оқиға қайталанған. Тағы бір төбелес күзетшінің өлімімен аяқталды.
Енді тұрғындар іс жабылып, қауіпті жалға алушы өз аулаларына қайтып келеді деп алаңдайды. Мұндай көршімен тұру, әрине, қорқынышты түс, – деп жазды ол.

 Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіге өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары