×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

БҚО-да көмекке келген құтқарушыны пышақтаған тұрғын ұсталды

01.04.2024, 15:05
Фото: polisia.kz

Полицейлер су тасқынына байланысты өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада. 

Айта кету керек, бүгінде Орал қаласында және облыстың бес ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы полиция қызметкері.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақтап кеткенін жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары