×
$
451.87
€
507.31
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.87
€
507.31
₽
5.53

Екі облыстың шекарасындағы тасжолда шетелдіктер мен балалар түнде қалып қойды

Бүгін, 10:07
Екі облыстың шекарасындағы тасжолда шетелдіктер мен балалар түнде қалып қойды
Ішкі істер министрлігі

Самара – Шымкент тасжолында 15 жолаушысы бар автобус түнде бұзылып қалды. Жолда қалғандардың арасында төрт бала болған. Оларға полицейлер мен құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түнгі сағат 01:11 шамасында патрульдік полиция Қызылорда облысының шекарасына жақын жерде жол жиегінде тұрған Van Hool автобусын байқаған. Ол Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған, бірақ техникалық ақауға байланысты жолын жалғастыра алмаған.

Автобуста 15 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Барлығы – Тәжікстан азаматы. Жолаушылардың арасында алты әйел, бес ер адам және төрт бала бар.

Министрліктің мәліметінше, 15 адамның барлығы қауіпсіз жерге жеткізіліп, Самара – Шымкент тасжолының 1153-шақырымында, Ырғыз ауылының қиылысындағы мешітке орналастырылды.

Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.