×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ақтөбе облысындағы бұзылған бөгет: прокуратура қылмыстық іс қозғады

04.04.2024, 14:10
Фото: Скриншот

Ақтөбе облысының прокуратурасы Әйтеке би ауданында бөгетті бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ведомствоға сілтеме жасай отырып.

Бөгеттің қирауы

30 наурызда Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында су тасқыны салдарынан "Щербаковское" бөгеті қирады.

– Су басу қаупіне байланысты ауданның жергілікті атқарушы және уәкілетті органдары Жүргенов ауылы тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Барлығы 178 ауладан 927 адам (оның ішінде 215 бала) эвакуацияланды, 78 аула су астында қалды, 10 үй қирады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ырғыз өзенінің жайылмасы өз арнасынан асып кеткен. Электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау желілері бүлінген. Жүргенов электр, су және газсыз қалған.

"Щербаковское" бөгеті және қылмыстық іс

"Щербаковское" бөгеті Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгерімінде.

2023 жылы басқарма (тапсырыс беруші) мен "СК Гранд Канал" ӨК (мердігер) арасында жасалған мемлекеттік сатып алу шарты негізінде бөгеттің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға қабылданған.

– Алайда, су тасқыны кезінде бөгет өзінің негізгі функциясын орындамады. Бұл тұрғындардың, сондай-ақ ауыл ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырды, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 371-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады (немқұрайлылық бабы). Іс антикорға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары