×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тасқынға тосқын: Қостанайда төтенше жағдай жарияланды

06.04.2024, 10:23
Тасқынға тосқын: Қостанайда төтенше жағдай жарияланды
«Қостанай таңы» газеті

Қостанайда Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуы салдарынан жағдай күрт ушығып, тұрғындарды шұғыл түрде қауіпсіз жерлерге көшіру басталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 4 шешімімен аудан аумағында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Жергілікті “Қостанай таңы” газетінің мәліметінше, өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатқан көрінеді. Бұл ретте, жағалауды нығайту, еріген қар суын сору және ағын бағытын бұру жұмыстары жүйелі жалғасуда.

«Құрметті қостанайлықтар! Эвакуация кезінде дүрбелеңге салынбай, құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметкерлерінің заң жүзіндегі барлық талаптарын орындауларыңызды сұраймыз! Егер тасқын жеңіл өтер болса, адамдар қалдырып кеткен тұрғын үй алаптарын тәртіп сақшылары күзететін болады», – делінген штаб үндеуінде.

Айта кетейік, Қаратомар су қоймасының шамадан тыс толып кетуіне байланысты «Дорожник», «Садовод», «Мичуринец» бау-бақша қоныстарын және «Колесные ряды» ауданын су жайлауы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Тобыл өзені арнасынан асып, Қостанай қаласының шеткі аудандары мен елді мекендерін су басуы мүмкін екені хабарланған еді.