×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда ауа райы құбыла ма

06.04.2024, 19:00
Ашық дереккөзден

Алматы қаласында бүгін шамамен сағат 17:00-ден бастап 7 сәуір таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Жауын-шашын кезінде 235 арнайы техника, 210 жұмысшы және 51 жедел мобильді бригада кезекшілікке шықпақ.

Олар су басудың алдын алу және проблемалық аумақта судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

“Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады” – делінген басқарманың хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары