×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Су тасқыны: маңғыстаулық оқушы жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берді

Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында 4-сыныпта оқитын бала өзінің жинаған ақшасын Құлсары қаласына гуманитарлық көмекке берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маршал Әбдіхалықов атындағы гимназиясының оқушысы Нұрасыл Игілікұлы көрші өңірдегі жағдайды ести сала көмектесуді ұйғарыпты.

Өзі тиын жинап жүрген қобдишаны ашып, ауылдың белсенді азаматтарына табыстаған.

Құлсарыдағы ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр. Қобдишаға жинап жүрген тиыным еді. Енді оны сіздерге табыстаймын, бауырларыма жеткізсеңіздер, – дейді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрасылдың ісіне риза болып, игі тілектерін арнап жатыр.

Серіктес жаңалықтары