×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

ШҚО-да Катонқарағай және Алтай аудандарындағы шағын өзендер тасуы мүмкін

09.04.2024, 17:52
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай және Алтай аудандарындағы шағын өзендер тасуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған орай су тасқынын болдырмас үшін жұмыс жоспары дайындалып, қажетті құралдар әзірленген.

Нөсерлі жауын-шашынға байланысты Катонқарағай және Алтай аудандарындағы шағын өзендер тасуы мүмкін. Қауіпті учаскелер анықталып, тәулік бойы бақылау жүргізілуде. Облыс әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны қаупі жоғары осы екі таулы ауданда болып, қазіргі жағдаймен танысты.

Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер тізбегі әзірленіп, барлық күштер мен ресурстар үйлестірілді. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, орманшылық, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бірлесе жұмыс істейді. Әркім өз учаскесін анықтап, үнемі бақылауда ұстау қажет. Инертті материалдар қоры, техника толықтай дайын, - деді әкім. 

Үй жануарларына арналған эвакуациялық пункттер мен алаңдар дайындалды. Құтқарушылар мұздың барысын бақылап, кептелісті тез жоюға әзір.

7 сәуірде Алтай ауданы Богатырево ауылында екі жеке тұрғын үйдің ауласына су кірген еді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері Бұқтырма өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізді. Ағынды судың кедергісіз өтуі үшін шағын су айдындарының арналарын тереңдету жүргізілуде. Бұл өзен үлкен алаңдатушылық туғызады. Өйткені гидрологтардың айтуынша, мұндай өзендер бірнеше сағат ішінде қауіпті белгіге дейін толып кетуі мүмкін, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр

Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының билігі Петропавл қаласы мен тағы үш ауданға су басу қаупі төніп тұрғанын хабарланған.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары