×
$
447.88
516.58
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.88
516.58
5.29

Қазақстандықтар тұрғын үйін жер сілкінісі мен су тасқынынан сақтандыруға міндеттелуі мүмкін

Бүгін, 16:12
Қазақстандықтар тұрғын үйін жер сілкінісі мен су тасқынынан сақтандыруға міндеттелуі мүмкін
smenikvarti.ru

Қазақстанда тұрғын үйді сақтандырудың жаңа ережелері әзірленіп жатыр. Міндетті сақтандыру түрлерінің қатарына үйлер мен пәтерлерді жер сілкінісі, су басу және табиғи орман өрттерінен қорғауды енгізу ұсынылды. Әзірше бұл – тек қоғамдық талқылауға шығарылған заң жобасы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген. Онда тұрғын үйді табиғи апаттардың үш түрінен міндетті түрде сақтандыру ұсынылған: жер сілкінісі, су басу және тасқын, сондай-ақ табиғи сипаттағы орман өрттері.

Түзетулерде Тұрғын үйді міндетті сақтандыру қоры да қарастырылған. Ол тиісті лицензиясы бар сақтандыру компанияларымен қатар сақтандырушы ретінде жұмыс істей алады.

Қанша төлеу керек?

Ұсынылған түзетулерден әзірше мұндай сақтандырудың құны қанша болатынын және үйі зардап шеккен жағдайда меншік иесі қанша өтемақы алатынын анықтау мүмкін емес. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нақты сомаларды ұсынбаған.

Құжат 15 қыркүйекте «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 7 қазанға дейін жалғасады.