×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Ақмола облысы Атбасар ауданынан тағы 123 адам эвакуацияланды

10.04.2024, 13:49
Су тасқыны: Ақмола облысы Атбасар ауданынан тағы 123 адам эвакуацияланды
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, Атбасар ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Соңғы бір тәуліктің ішінде 123 адам эвакуацияланды, оның 11-і зейнеткер және 29-ы бала, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атбасар қаласындағы Жабай өзені қауіпті деңгейден (4,45 м) асып, 4,50 метрге жеткен. Қазіргі кезде топырақтан тұрғызылған бөгеттер нығайтылып жатыр.

Бұған дейін тұрғындарға су тасқыны болуы мүмкін жерлерден эвакуациялау қажеттігі туралы екі рет хабарланды. Соңғы бір тәуліктің ішінде 123 адам эвакуацияланды, оның 11 зейнеткер және 29 бала. Олардың барлығы туыстарының үйіне орналастырылды, - деп хабарлады ТЖД.

Ведомстводан атап өткендей, су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола, Жамбыл облыстарының ТЖД құтқарушылары, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілерден құралған барлығы 133 адам, 38 бірлік техника және 10 мотопомпа жұмылдырылған. Тәулігіне 72 960 текше метр су сорылып, 1 мың қап әзірленді және инертті материал салынған 2 мың қап төселді.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.