Петропавл тұрғындарына Пестрое өзенінен техникалық су беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев брифингте мәлімдеді. Айта кетейік, Петропавл бір тәуліктен астам уақыт бойы сусыз қалды.
"Бүгінде біз су сынамаларына талдау жасадық. Ол нормаларға сәйкес келеді. Ертеңнен бастап сумен жабдықтау басталады, бірақ бұл су техникалық болады. Оны іше алмайсыз, бірақ басқа қажеттіліктерге қолдануға болады", - деді ол.
Шенеунік су кестеге сәйкес босатылатын айтты.
Естеріңізге салсақ, 12 сәуірде 1-көтергіш сорғы станциясында апатты жағдайда электр қуаты үзілген болатын.