×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Маңғыстау облысында екі компания жалған құжат жасап, миллиардтаған қаржы жымқырды

15.09.2021, 16:58
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында мемлекетке 760 млн теңгеден астам шығын келтірген екі компания ұйымдастырушысы сотталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл компаниялар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, басқа фирмаларға ақшалай сыйақыға жалған құжаттар жасаған.

Бұл заңсыз әрекеттер ҚР ҚК 216-бабы бойынша белгіленіп, оны жасағаны үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар жазып берудің екі дерегінің жолын кесті.

Бірінші жағдайда кәсіпкер Ә.Қосбармақов Жаңаөзен қаласында «Өзен-АҚЖОЛ» ЖШС және «Қосбармақов Әділет Аманкелдіұлы» ЖК атты екі компания құрды. Ол жүк тасымалы және қызмет көрсету бойынша негізгі қызметтің орнына екі кәсіпорын атынан 3,1 миллиард теңгеден астам сомаға 7 компанияға жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берген.

Осыған ұқсас дерек Ақтау қаласында да анықталды. Азаматтар И.Агатаев пен М.Әбілев «Бөрі Ақтау» ЖШС құрып, бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы іс жүзінде жұмыстар орындамай және қызметтер көрсетпей, 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға шот-фактуралар жазып берген.

Осы компаниялардың заңға қайшы әрекетінің салдарынан төленбеген салықтар түрінде 767 миллион теңгеден астам сомаға мемлекетке залал келтірілді.

Барлық кінәлі адамдар әртүрлі мерзімге сотталды.

Серіктес жаңалықтары