×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Павлодар облысында өрт болған үйден ер адамның денесі табылды

04.11.2021, 20:46
Фото: ашық дереккөз

Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, 3 қараша күні сағат 19.15-те Аққулы ауылындағы тұрғын үйде өрті шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Жеке тұрған үш бөлмелі ағаш тұрғын үй шатырының ағаш құралымдары, үй заттары, жиһаз жанып кетті. Жалпы алаңы 80 шаршы метрді отқа оранды. Аққулы ауданының № 18 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Амангелді Солтанов сыйымдылығы 27 литр газ баллонын шығарды. Газ-түтіннен қорғау буыны қызметі барлау барысында терезе арқылы   1977 жылы туған ер адамды алып шықты. «103» қызметі оның қаза тапқанын анықтады», - дейді Облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 21.37-де сөндірілді. 

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен 2 техникасы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары