×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейден ағып келген көп су: Атырау өңіріндегі елдімекендерге әлі де қауіп төніп тұр

11.05.2024, 09:31
Ресейден ағып келген көп су: Атырау өңіріндегі елдімекендерге әлі де қауіп төніп тұр
скриншот

Өңірде жалпы ұзындығы 520 шақырымнан асатын су тасқынына қарсы бөгет салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ТЖМ-ге сілтеме жасап.

ТЖМ не дейді

Ведомство «үлкен суды» төртінші күн қорғаныс бөгеттері ұстап тұрғанын хабарлайды. Үлкен су деп отырғаны – Ресейде бұзылған дамбы салдарынан Жайық арқылы келіп жатқан көп су.

– Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша ағымдағы жылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Атырау-533 см. тәулігіне + 5 см, Индербор ауданы 1026 см. тәулігіне +12 см, Махамбет ауданы 939 см. тәулігіне +15 см, – делінген хабарламада. 

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни белгіден асып түскен. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.