×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шығыс Қазақстанда офицер әскерге шақырылғандардың атынан несие рәсімдеді

06.11.2021, 00:58
Фото: ашық дереккөз

Семей гарнизонының әскери соты Аягөздегі әскери бөлімдердің бірінің рота командирін үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының мәліметі бойынша, тергеу барысында рота командирінің мобильді қосымша және шағын несие ұйымдары арқылы мерзімді әскери қызметшілер атынан алаяқтық жолмен несие рәсімдегені анықталды. Несиенің жалпы сомасы екі миллион теңгеден асқан. Сонымен қатар, ол 17 сарбаздың жалпы сомасы жүз мың теңгеден асатын жалақысын да иемденіп алған.

«Офицер алаяқтық жолмен алынған қаражатты букмекерлік компанияларға бәс тігіп, ұтылып қалған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары