×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

ШҚО ауылдарына төнген қауіп: Қытай бұзылған дамбыны жөндеді

28.05.2024, 18:48
ашық дереккөзден

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Қытайда жарылған дамбының суынан Қазақстанға қауіп жоқтығын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министр не дейді?

– Иә, Қытайда дамбы жарылды. Бізге ешқандай зияны тиген жоқ. Қазіргі таңда Бұқтырма су қоймасында 49,5 млрд кубқа дейін жинауға болады. 40 млрд кубтай су бар. 9 млрд кубтай су жинай аламыз. Бірақ жарылған дамбыны Қытай жамап қойды, – деді Ulysmedia.kz тілшісіне вице-министр мәжіліс кулуарында.

Қытайдағы бөгеттің жарылуы

Қытайда бірнеше күн бұрын бөгеттің бұзылғаны белгілі болды. Бұл жағдайға Су және ирригация министрлігі түсініктеме берді. Олар Қытайдан келген әріптестерімен үнемі байланыста екенін хабарлады. Қытай тарапы трансшекаралық өзендер арқылы 1400 м3/с су ағызатынын хабарлаған.

Аудандарға тараған хабар

Қара Ертіс өзенінің маңайындағы аудандарға сол күндері мынадай хабарлама тараған. 

– Қытай Халық Республикасы, Буршын ауданында су қоймасы жарылды. Осы су қоймасындағы жиналған су Қара ертіске құяды, өзен деңгейінің мөлшерден тыс көтерілуіне байланысты Қара Ертіс өзенінің жағалауына бармауларыңыз сұралады, – делінген ақпаратта.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары