×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Семейде жұмыскерлерге жалақы орнына талон беріп отыр

08.11.2021, 21:11
Семейде жұмыскерлерге жалақы орнына талон беріп отыр
Фото: ашық дереккөз

Семейде жылу электр орталығының жұмысшылары үш айдан бері жалақы алмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, жылу электр орталығының жұмысшылары соңғы рет маңдай тер, табан ақыларын шілде айында алған. Айтуларынша, онсыз да аз айлық қазір арман болды.

Басшылық жалақы орнына сүт пен нанға талон немесе түскі ас ұсынған.

«Бізге күнде талон береді. Оны түскі асқа да жаратуға болады. Қалай жылыту маусымы аяқталады, солай айлық созылады», - дейді кәсіпорын жұмысшысы Нұртілеу Самиғұлов.

Кәсіпорын басшылығы «сүт жұмысшыларға зиянды өндіріс үшін беріледі, оның еңбек ақысына түк қатысы жоқ» деді. Ал айлықтың кешігуін тұтынушылардың 300 млн теңгеге жуық қарызымен түсіндірді.

«1 қазаннан бастап жылу берілу мерзімі басталып кетті. Бізде қазір енді қаржы мәселесінен ешқандай тапшылық болмайды. Сондықтан қыркүйек айында осындай сұрақ болды. Қазіргі таңда қыркүйек айынан 145 млн теңге қаржы қалып отыр. Оның ішінде 1 млн 800 мыңын біз төледік. Күнделікті түсіп жатқан қаржыны біз осы жалақыны төлеуге жіберіп отырмыз. 10 күннің ішінде барлық сұрақ толығымен жабылады», - дейді кәсіпорын директоры Азат Сарпеков.

Қазір кәсіпорын жұмысшыларға 145 млн теңге берешек. Зар болған жалақыны 1150 адам күтіп отыр.