×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қызылордада дәрігердің мүрдесі табылды

23.07.2024, 23:58
Қызылордада дәрігердің мүрдесі табылды
ашық дереккөз

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕРІКТІЛЕР ДЕ ІЗДЕДІ

Еріктілер бұған дейін осы жылдың 20 шілдесінде жоғалып кеткен 25 жастағы ер адамды іздеу туралы хабарлаған болатын.

Онда қызылордалық жұмыстан шыққаннан кейін, үйіне оралмаған. Ол облыстық көпсалалы ауруханада медбрат болып жұмыс істеген.

ТЖД, ПД қызметкерлерінің, Абылайханның туыстарының және өзге де ерікті азаматтардың күшімен іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Өкінішке орай, ол өлі күйінде табылды. Иманды болсын. Жас жігіттің неден қайтыс болғаны туралы әзірге белгісіз. Достар, Абылайханды іздеуге ат салысқандардың барлығына рахмет, - деп жазды "Қызылорда еріктілері" қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Чебакова Facebook парақшасында.

АҚПАРАТ РАСТАЛДЫ

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жас жігітті іздеуге екі күн ішінде ПД, полиция басқармасы, ТЖД жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылғанын атап өтіп, жас жігіттің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

23 шілдеде жоғалған адамның денесі табылды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды және осы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Тұлға анықталды. Тергеу әрекеттері жалғасады. Аймақ полициясы марқұмның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.