×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Жамбыл облысы: дүлей жел адамдарды құлатып, көліктерді төңкерді

17.11.2021, 13:20

Жамбыл облысында екпіні қатты жел адамдарды ұшырып құлатып, ғимараттардың шатырын, ағаштарды түп-тамырымен жұлып әкетуде деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тіпті желі қолданушылары Тараз бен Жаңатас қалаларынан, Сарысу ауданынан салған бейнежазбалардан жолда салмағы ауыр деген көліктің аударылып түскенін байқауға болады. Облыс орталығында дауылдың жылдамдығы секундына 32 метрге жеткені мәлімделуде. Әзірге зардап шеккендер тіркелмеген.

Жүргізушілерден аса қажеттілік болмаса, сапарға шықпауды сұраған полиция және төтенше жағдай қызметкерлерінің бет қаратпас бораннан дауысы естілмей, өздерінің әрең тұрғаны аңғарылады.

“Жол жүруге тура келсе, алдын ала жоспарлап, өте мұқият және сақ болған жөн. Құтқару қызметінің хабарламаларына да жіті назар аударып отырған абзал”, – дейді олар.

Серіктес жаңалықтары