×
$
443.96
€
487.73
₽
5.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.96
€
487.73
₽
5.38

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді

Бүгін, 13:20
Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді
ЖИ/ Ulysmedia

19-21 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Елдің көп өңірінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, әуелі ауа райы батыс өңірлерде бұзылады. Кейін циклон елдің солтүстік-батысы мен солтүстігіне ауысады. Тек шығыста жауын-шашын болмайды. Есесіне ел аумағында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қай өңірлерде күн жылынады?

Батыс Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі. Түнде бұрынғы −2...+5 градустың орнына +1...+10 градус болады. Күндіз ауа +5...+10 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі аяз сақталады. Мұнда ауа температурасы −3...−13 градус аралығында болады. Ал күндіз біртіндеп жылынады. Қазір 0...+5 градус болса, демалыс күндері +5...+10 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы айтарлықтай өзгермейді.

 

Сізге қызық болуы мүмкін