×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Қарағандыда 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

gov.kz

Қарағанды қаласында 2 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, жарақат алды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. 

Бүлдіршін терезеден ата-анасының қарауынсыз қалғанда құлаған.

БҮЛДІРШІН 6 МЕТР БИІКТЕН ҚҰЛАҒАН

6 метр биіктіктен құлап кеткен бала бірден емханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір ол орталықтағы балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Биыл жыл басынан бері бір ғана Қарағанды облысының өзінде осындай 19 жағдай болған. Оның төртеуінде балалар көз жұмған. Ал еліміз бойынша терезеден құлағандардың саны 100-ден асқан.

БАЛА БАСТАН ЖАРАҚАТ АЛҒАН

Қазір  баланың денсаулығы орташа ауыр жағдайда. Бас, ми жарақатын алған. Биіктен құлаған соң миы шайқалған. Енді ем домын алып жатыр. Тұрақты түрде бақылап, тиісті шаралар жасап жатырмыз, - деді Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Руслан Хаути.

Ал жақында Көкшетау қаласының тұрғыны шатырға шығып, өмірмен қоштасқысы келген. Оны Ұлттық ұланның офицері жоғары қабаттың шатырындағы карнизінен секіргелі тұрған жерінен құтқарып қалған.

Серіктес жаңалықтары