×
483.23
534.74
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.23
534.74
5.12

Көкшетаудың тұрғыны шатырға шығып, өмірмен қоштасқысы келген

09.08.2024, 15:42
Көкшетаудың тұрғыны шатырға шығып, өмірмен қоштасқысы келген
otyrar.kz

Көкшетау қаласында Ұлттық ұланның офицері жоғары қабаттың шатырындағы карнизінен секіргелі тұрған өзінің көршісін ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғасы 6 тамызда болған. Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Артем Горохов сағат 23.00 шамасында демалуға дайындала бастаған. Кенет ауладан адамның айқайлаған дауысын естиді. Терезені ашып, айналасына қараса, сыртта 2-3 адамның тұрғанын көреді. Сосын дереу сыртқа шықса, көрші кіреберістегі 6-қабаттың шатырындағы карнизінен ер адам секіргелі тұр екен.

ШАТЫРДЫҢ КАРНИЗІНЕН СЕКІРГІСІ КЕЛГЕН

Өзім негізі үшінші кіреберісте тұрамын. Ілініп тұрған адамды көріп, дереу төртінші кіреберіске кіріп, ең жоғарғы қабатына көтерілдім. Секіргелі тұрған азамат бұл ойын жоспарлағанға ұқсайды. Себебі жоғарыға шығатын есікшені бекітіп тастапты. Иықпен, баспен ұрып, күшпен жұлмалап ашып алдым. Оған дейін сырттағы адамдарға полиция қызметкерлерін шақыра беріңдер деп айтып кеткенмін. Шатырға шығып, жиегіне қарай жақындай бастадым. Орта жастағы ер адам карнизді қолымен ұстап, ілініп тұрды. Ақырын секіруден бас тартуын өтініп, әңгімеге тарттым. Сөйлесе жүріп, еңбектеп оған жақындай түстім, – деді Артем Горохов.

ҚОЛЫНАН ШАП БЕРІП ҰСТАП АЛДЫ

Ұландық офицер осылайша 40 сантиметрдей қалғанда, қолынан шап беріп ұстап үлгерді. Сол ұстағаннан айырылмай, жоғары тартып, шатырдың шетінен 4-5 метр жерге сүйреген. Осы уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген.

Жоғарыдан секіргісі келген ер адам болса, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Осылайша, құқықтық тәртіп әскерінің қызметкері адам өмірін аман алып қалды.

Биыл Ақтөбеде 22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлап, қаза тапқан еді. Алғашқыда ол өмірден баз кешіп секіріп өлмек болған деген ақпарат тараған. Алайда оның туыстары әлі күнге дйін марқұмның суицидке барды дегенге сенбей отыр. Олардың айтуынша, оны біреу итеріп жіберген болуы мүмкін.