×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Өскеменде соққан дауыл ағаштар мен аялдаманы құлатты

19.11.2021, 23:09
Фото: instagram.com/che_tam_oskemen

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің екпіні кей уақытта секундына 30 метр немесе одан да көп болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

noks.kz-ның мәліметінше,Қарашаның 17-нен 18-іне қараған түні соққан дауыл Қабанбай батыр ескерткіші маңында төрт қылқан жапырақты ағашты тамырымен жұлып кеткен.

«Қарашаның 18-і күні таңертең ағаш көшеттерін отырғызатын арнайы көлік оқиға орнына жол тартты. Бүгінгі күні барлық ағаштар түзетіліп, бекітілді», - делінген «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, Красин ауылында, Пушкин көшесі бойындағы автобус аялдамасы дауыл салдарынан аударылып қалды. Павильон қазіргі уақытта қалыпқа келтірілді.

Серіктес жаңалықтары