×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды

21.11.2021, 15:22
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Бүгін таңғы сағат 05:30 шамасында Рудный-Қостанай автожолында 29 жастағы мас жүргізушісі BMW маркалы көлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 31 жастағы жүргізуші басқарып отырған Audi автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан BMW жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызызылды. Audi жүргізушісі мен бір жолаушысы сол оқиға орнында тіл тартпай кетті, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«BMW жүргізушісі Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері 1 400 жүргізуші мас күйде көлік жүргізсе, 87 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары