×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Дәрігерлер жарақат алған полицейдің жағдайы туралы айтты

02.09.2024, 17:57
Дәрігерлер жарақат алған полицейдің жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзден

Дәрігерлер Шымкентте патрульде жүріп жарақат алған полицейдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Ресми мәлімдемеде 1989 жылы туған ер адамға жалпы наркозбен ота жасалғаны айтылған. Оған операциядан кейінгі диагноз қойылды: көлденең бел бұлшықеттерінің медиальды зақымдануы бар. Сыртқы қан кету жағдайы орын алған.

Дәрігерлер қазір науқастың жалпы жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

Естеріңізде болса, бұған дейін шымкентте қызметте жүрген полицейді біреудің пышақтап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, шабуылдаушы ұсталған.