×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«10-15 млн айыппұл салдыртам»: Су мәселесі ушыққан Сауранда әкім мен блогер ылаң салды

05.09.2024, 16:06
«10-15 млн айыппұл салдыртам»: Су мәселесі ушыққан Сауранда әкім мен блогер ылаң салды
скриншот

Түркістан облысы Сауран ауданындағы екі ауылдың халқының су мәселесі шешілудің орнына ушығып барады. Бүгін Қожанов ауылына аудан әкімі Мақсат Таңатаров БАҚ өкілдерімен бірге барған. Бір қызығы, әкіммен бірге ауылға «Ағалық Болашақ» атты ұйым құрып алған Әлқожа атты блогер де барыпты. Өзара әңгіменің видеосын Ulysmedia.kz редакциясына ауыл тұрғындары жіберді.

АУЫЛҒА КЕЛГЕН ӘКІМ МЕН БЛОГЕР

Әкіммен кездесу барысында жергілікті тұрғындар су мәселесін айта бастайды. Сол кезде әңгімеге блогер кіріседі.

«Бұл ауылға тұрғылықты адамдардың кіруінің өзі үлкен проблема. Естіп жағамды ұстадым. Мына жерде су да жеткілікті екені айтылды. Өтірік өрге баспайды. Өлікті алға салып, бұл ауыл қарияларына дейін шықты. Өтірік хабарламамен халықтың арасына алауыздық туғызып жатыр. Заңды кәсіпкерді президент, үкімет қолдап жатыр. Қазір кәсіпкерді қолдайды. 10-15 млн теңге айыппұл салдыру керек! Айыппұл салдырам» – деп қорқытады блогер.

Жергілікті тұрғындар блогердің «бес-алты қатын» деген сөзін ұнатпай, дау туындайды. Блогердің не үшін айғай шығарып, жұртпен айтысуға келгені түсініксіз. 

Тұрғындардың айтуынша, әкім келер алдында әдейі сорғымен су тартып, су жеткілікті екенін көрсету үшін көзқояушылық жасалған. Тұрғындар әкімге «сіз келетініңізді білдірмей келсеңіз, нақты жағдайды көресіз» деп ескертеді. 

«Бізге аудан әкімі, блогер шабуыл жасап жатыр. «Өтірікшісіздер» деп біздің сөзді тыңдағысы да келмейді. Телевидениеге шығарамыз дейді. Шығара берсін. Кәсіпкер суды бермеймін деді. Ауылдың ауыз су жетеді деп, мотор қосып, басына дейін жеткізетіндей етіп қойып, әдейі түсіріп жатыр. Суды есептегішпен алып отырмыз. «Өтірік айтасыңдар, сендерде счетчик жоқ» дейді. «Міне» деп көрсетсек, онымызды камераға түсірмейді», - дейді Қожанов ауылының тұрғындары.

АУЫЛДАР СУҒА ЗАР

Ulysmedia.kz командасы “Ауылға жол” жобасының аясында Қазақстанның бірнеше ауылын аралап, Сауран ауданындағы халықтың мәселесін өз көздерімен көрген еді. Аталған аудандағы “Теке” және “С.Қожанов” ауылдарында кеңес заманында қазылған жер астындағы жылы суды осы екі ауылдың тұрғындары пайдаланып келген. Алайда ауыл әкімдерінің түсініксіз әрекеттері салдарынан бұл екі ұңғыма да, айналасындағы жермен қоса, жеке кәсіпкерге сатылып кеткен. Кәсіпкер жерді қоршап алып, суды ауыл тұрғындарына бермей отыр.

Ulysmedia.kz тілшісі Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев пен Қайрат Балабиевке Түркістан облысы Сауран ауданындағы екі ауылдың халқының мәселесі жөнінде сұрақ қойған. Депутаттар халықтың көтерген мәселесі дұрыс деп, құзырлы органдарға хат жолдағалы отыр.