×
$
441.91
€
499.05
₽
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.91
€
499.05
₽
5.3

Белгілі журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Бүгін, 08:45
Белгілі журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті
khabar.kz

Журналист Индира Жылқайдарова бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күресіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қаралы хабарды тележүргізуші Санди Сұлтан естіртті.

– Индира Жылқайдарова өмірден өтті. Біз "7 арнада" бірге жұмыс істедік. Индира өте мейірімді, жанашыр, әрдайым күлімдеп жүретін қыз еді. Өз ісіне адал, білікті журналист болды. Бір кездері редакциядағы күнделікті жұмысты, эфирлерді, қызметті бірге бөліскен жас әріптестерің туралы осындай қаралы хабарды есту өте ауыр... Жатқан жерің жайлы болсын, Индира, – деп жазды ол.

Индира Жылқайдарова көп жыл бойы «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» қызмет еткен. Ол еңбек жолының басым бөлігін парламенттік журналистикаға арнап, депутаттардың жұмысын және заң шығарушы органның қызметін ақпарат құралдарында жариялап отырды.

Әріптестерінің айтуынша, Индира Жылқайдарова кейінгі жылдары ауыр дерт – онкологиялық аурумен күрескен.

Ulysmedia.kz редакциясы Индира Жылқайдарованың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.