×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Өскеменде өртенген үйді паналаған ана көмекке мұқтаж

17.09.2024, 15:58
Өскеменде өртенген үйді паналаған ана көмекке мұқтаж
дереккөз

Өскеменде 60 жастағы әйел өрттен кейін қабырғасы ғана қалған үйде мүгедек балаларымен бірге тіршілік етуге мәжбүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ӨРТЕНГЕН ҮЙ

Жалғыз басты ана балаларымен бірге қыстан қалай шығатынына алаңдайды. Бұл туралы 31-арнаның жаңалықтар қызметі жазды.

60 жастағы Рысқайша Молдаханованың өрттен кейін күл боп қалған үйде тұрып жатқанына бір жылдай уақыт болған. Туа біткен ауытқуы бар балалар өзі жоқта электропешке киім түсіріп алған. Үйдің бәрі жанып кетті. Ана екі баласымен қатты зақымдалмаған бір бөлмені паналап отыр. Әйелдің айтуынша, ұлдары 19, 20 жасқа келсе де, өз бетінше тамақтанып, жүріп-тұра алмайды. Әйел өзінің де мүгедектігі барын жасырмады.

НӘТИЖЕ ЖОҚ

Қалалық әкімдікке де, облыстық әкімдікке де бірнеше рет бардым. Тіпті, қабылдауда болдым. Жағдайымды, осындай үйде тұратынымды айттым. Көмектесетінін айтты, бірақ әзірше ешқандай нәтиже жоқ, – дейді Рысқайша Молдаханова.

Бұған дейін азық-түлік сатып, саудамен айналысқан әйел кейінгі үш жылда жұмыс істемейді. Әкімдіктегілер мемлекет тарапынан отбасыға мүгедектік және ерекше балалардың күтіміне қатысты қажет көмек көрсетілгенін атап өтті. Әйелдің өтініштері де қарастырылып жатқанын айтты.

ӘКІМДІК КӨМЕКТЕСЕ АЛМАЙДЫ

Бірнеше рет материалдық көмек көрсетілді. Балалардың сырқатына және өміріндегі қиын жағдайға байланысты тұрақты жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ өрттен кейін мемлекет аясында біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Комиссияның шешімімен 250 мың теңге жәрдемақы берілді, – дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Қазір отбасының кірісі белгіленген нормадан асып кеткенін алға тартқан әкімдіктегілер отбасының бір реттік және атаулы әлеуметтік көмек ала алмайтынын айтты. Олардың сөзінше, уақытша тегін баспана жоқ. Әйел екі баласымен зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығында тұруға келіскен еді. Алайда онда ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасалмаған. Ал анасы балаларын мамандандырылған мектеп-интернатқа бергісі келмейді. Ол жанашыр жандардан баспана алуға көмектесуді сұрайды.