×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ақтөбе облысында 4 геолог жоғалып кетті

27.11.2021, 14:41
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде төрт геолог жоғалып кетті. Кешеден бері олардан хабар-ошақ жоқ, ulysmedia.kz.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 қараша күні сағат 15:00-ден бастапӘйтеке би ауданы, Қайрақты ауылдық округі, Талдық ауылы маңынан 4 геологты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Олар 25 қараша күні сағат 10:30-да Қарабұтақ – Талдық – Қайыңды – Қайрақты ауылдары бағыты бойынша «УАЗ» маркалы көлікпен шыққан. Соңғы рет 25 қараша күні сағат 18:00-де Талдық ауылына жете бергенде байланысқа шыққан.

«Бүгінгі күні құрамында 33 адам және 8 техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. 27-қараша күні сағат 11:00-де авиа іздеу үшін «Қазавиақұтқару» еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты»,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
 

Серіктес жаңалықтары