×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«13 жаста жүкті болған қыз». Зәкиева Түркістан облысындағы былықтардың бетін ашты (ФОТО)

30.09.2024, 15:48
«13 жаста жүкті болған қыз». Зәкиева Түркістан облысындағы былықтардың бетін ашты (ФОТО)
ашық дереккөз

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысында жүргізілген тексеру қорытындысын жариялап, өңірдегі біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖҮКТІ БОЛЫП ҚАЛҒАН

Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала көтерген қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр. Мектеп директорының орынбасары жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбаған және істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген, - деп жазды бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

СЫН КӨТЕРМЕС САНИТАРИЯ

Сонымен қатар ол өңірде балалар санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда өмір сүріп жатқанын айтады.

Түркістанда мүгедек баланы анасы базарға тастап, қайыр сұрауға мәжбүр етсе, Ленгер қаласында 10 бала антисанитариялық және қауіпті жағдайларда тұрады.  Көршілерінің айтуынша, анасы алкогольді асыра пайдаланған. Қамқоршылық, патронаж органдары бұл отбасына бармаған. Балалар жарықсыз дымқыл үйде тамақсыз өмір сүреді. Мысалы, Б. Өтеп атындағы мамандандырылған Өнер мектеп-интернатында 200 балаға үш душ бар. Ал душ қабылдауға үлгеру үшін балалар таңғы сағат 4-те тұруы керек, жалпы бұл жерде қолайсыз жағдайлар бар – деді Динара Зәкиева.

ДӘРЕТХАНА МӘСЕЛЕСІ

Сондай-ақ Сайран ауданының негізгі орта мектебінің №6 мектеп-интернатында, Отырар ауданындағы Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында, Келес ауданындағы А.Жангелдин атындағы №57 мектеп-интернатында, Ерубаев атындағы мектепте балалардың өмір сүру жағдайы қорқынышты екенін айтады ол. 

Балалармен сөйлестім, осы интернаттардың бірінің оқушылары тамақтанбайтынын айтты. Тексерулерден кейін балалар маған олардың мекемелерінде ешқашан дәретхана қағазы мен сабын болмағанын, тек тексерулердің алдына қойылып, кейін жинап алатындарын жазды. Бұл фактілер облыстағы барлық интернаттарға кешенді тәуелсіз тексеру жүргізу қажеттілігін көрсетеді – деді омбудсмен.

ҚАУІПСІЗДІК

Сонымен бірге Зәкиева қорғаныс органдары қызметкерлері санының нормативін сәйкестендіру керегін айтады.

Ондай қызметкерлер 5 мың балаға 1 қызметкерден келуі керек. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 58 мың балаға 1 қызметкер бар. Қызметкердің өзі үлгермейтінін айтады. Әр баланың құқықтары әр жағдайда қорғалып, нәтижеге жеткізілуі керек", – дейді Динара Зәкиева.