×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Қарағанды облысындағы оқыс оқиға

07.10.2024, 14:25
Өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Қарағанды облысындағы оқыс оқиға
ашық дереккөз

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

600-ДЕН АСТАМ АДАМ

ТЖМ мәліметінше, қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кіретін жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Қазіргі уақытта Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП 609 адам және 110 техника, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылған.

Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт орны далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде. Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті.

Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қарағандыдағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.