×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ұйғыр ауданының ұлттық құрамы белгілі болды - статистика

09.12.2021, 15:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бірнеше күннен бері Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы бастама қайта көтеріліп жатыр. Әсіресе зиялы қауым өкілдері, театр қайраткерлері әлеуметтік желілерде осы бастаманы көтеріп, бәрі бір ауыздан ауданның атауын Қарадала деп өзгертетін кез келгенін айтады. Осы ретте Ulysmedia.kz порталы аталған ауданның ұлттық құрамын анықтап көрді.

АУДАННЫҢ ТУТҰҒЫРЫ БОС ТҰР

Бастамаға үн қосқан белсенділер Алматы облысына таяуда ғана әкім болып барған Қанат Бозымбаевқа осындай өтінішін әлеуметтік желі арқылы жолдады. Журналист Қанат Әбілқайырдың жазуынша, Ұйғыр ауданындағы тутұғыр екі жарым жылдан бері Мемлекеттік тусыз бос тұр.

«Биіктігі 30 метр болатын бұл тутұғырды жасау үшін мемлекет қалтасынан 6,5 млн теңге бөлінген. Оның ашылу салтанаты 2019 жылдың 4 маусымында өтетін болып жоспарланған. Соның бірі де болмады. Ұйғыр ауданы басшыларының 2,5 жылдан бері тутұғырды тусыз бос қойып қоюы мемлекеттік рәмізге деген протестік көңіл-күйді білдірмей ме?» - деген ол президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге осы мәселені мемлекет басшысына жеткізуді сұрайды.

Журналисттің бұл бастамасына қолдау білдіріп, үн қосқандар көп. Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыстың жазуынша, Қанат Бозымбаев еркіндік алған егемен қазақты қуантып аудан атын өзгертуге бел шеше кірісуі керек. Мәдениет қайраткері Ділдәр Мамырбаева көп тілегі, наразылығы осы күнге дейін ескерілмей келе жатқанын айтады.

«Ел тыныштығын, ұлт араздығын қоздырмайын десек мұны пышақ кескендей тыйып тастауға болмай ма? Не бөгет? Не саясат, не идеология?» - дейді ол.

Өтінішке үн қосқандардың ішінде ақындар мен ғалымдар, әншілер мен депутаттар да (Мақпал Мыса – мәжіліс депутаты) бар.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМ ЖАЙЛЫ

Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алданғарқызына хабарласып көргенбіз. Ресми мәліметке сүйенсек, Ұйғыр ауданында 2021 жылдың басындағы есеп бойынша 62 570 адам тұрады екен. Оның 24 505-і қазақ болса, 36 833-і ұйғыр. Сонымен қатар ауданда 957 орыс, 114 өзбек, 32 татар мен 30 қырғыз (одан да аз басқа ұлт өкілдері де бар) тұрады. Әйтсе де бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Себебі Ұлттық стаститика бюросының өкілдері жақында ғана өткізіген халық санағының аудандар мен ауылдар бойынша мәліметі жаңаратынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары