×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Даниал Ахметов 4 сағаттық жерге ұшуға 1 млн теңгеден астам қаржы жұмсады

20.09.2021, 15:59
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өңір басшысы Даниал Ахметовтің Алтайға тікұшақпен ұшып баруына 1 млн 167 мың теңге жұмсады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл ретте, Алтайға дейін көлікпен баруға сонша көп уақыт кетпейді, бар-жоғы төрт сағат жеткілікті. Орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, әкіммен бірге сол жерге тағы үш адам - Иванов, Ли мен Якунина ұшқан, дейді Protenge телеграм-каналы.

Және де, бұл осы жылғы жалғыз әуе сапары (тікұшақ) емес. Жалпы, 2021 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тікұшақпен 19 рет ұшуға 54,5 млн теңге жұмсапты.

Серіктес жаңалықтары