×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сарапшылар Сағынтаевтың «ЛРТ» жобасына күмәнмен қарайды

15.12.2021, 19:05
Сарапшылар Сағынтаевтың «ЛРТ» жобасына күмәнмен қарайды
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстанда кезекті жеңіл рельсті көліктің (ЖРК) құрылысын талқылау қайта басталды. Бұл жолы Алматыда заманауи трамвай салу жоспарлануда. Ел тұрғындары «ЛРТ»  деген сөзден шошып қалғаны өтірік емес. Ulysmedia.kz Алматы билігі не салуды ұсынғанын және әйгілі астаналық тәжірибені қайталаудан қорқудың қажеті бар-жоғын анықтауға тырысты.

Айта кету керек, жергілікті урбанистер оңтүстік астанада жеңіл рельсті көлік салу идеясын қолдады. Мамандар ЛРТ көлік тығыны проблемасын, әсіресе жөн-жосықсыз құрылысты ескере отырып, байланысты тәртіпке келтіре алатын көліктің ең экологиялық таза түрлерінің бірі деп сендірді.

ЛРТ жобасы 2015 жылдан бері талқыланған, сол кезде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын әдеттегі трамвайдан «құтқарып», орнына 2016 жылы заманауи және жүрдек көліктің құрылысын бастауға уәде берді. Алайда халықаралық тендердің бірінші кезеңі тек 2018 жылы жарияланды. Сарапшылардың айтуынша, жоба бойынша пікірталастар мен талқылаулар жүргізілді, халықаралық мамандар барлық егжей-тегжейді, техникалық және қаржылық мәселелерді ескере отырып, сараптамалар жасады.

ЖРК бағыты Төле би – Жібек Жолы – Момышұлы – Қазыбек би – Панфилов –Төле би көшелері арқылы өтуі керек еді.

Жоба құны бастапқыда 300 миллион АҚШ долларына дейін бағаланды. 2019 жылдың қаңтарында жеке компания іздеу бойынша конкурстың бірінші кезеңі өткізілді, алайда Бақытжан Сағынтаевтың Алматыға келуімен жоба тоқтап, ұмыт қалған.

Фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков 

Осы жылдың 8 қарашасында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз конференциясында ЖРК-ны еске алды. Урбанистердің мәлімдеуінше, әкім өзі салғысы келетін бұған дейін еш жерде жария етпеген белгісіз жоба туралы айтып берген. Қала басшысының бастамасы жергілікті сарапшылар арасында бірқатар күмән тудырды.

САҒЫНТАЕВТЫҢ ЛРТ-сі

Ең маңызды мәселеден бастасақ. Жазда Бақытжан Сағынтаев ЖРК-ны 1 млрд АҚШ долларына бағалады және қазір оны Талғар қаласынан алматылық Halyk Arena-ға дейін іске қосуды жоспарлап отыр.

Шенеунік бюджеттен ақша бөлінбейтінін бірнеше рет айтқанымен, біздің спикерлер бұған күмән келтіреді.

Фото: almaty-lrt.kz

Қалалық мобильділік саласындағы халықаралық сарапшы Елена Ерзакович бұған дейін айтылған «Талғардан электр пойызы» деген жоба бойынша әлі ешқандай цифрлар жоқ, ал трамвай жобасы тек жеке бизнестің қатысуымен және осындай қысқа мерзімде іске асырылмайтынын мәлімдеді.

«Трамвай жобасына инфрақұрылым, қосалқы электр станциялары және қала көшелері қажет.  Оны жеке серіктес жүзеге асыра алмайды және ол оп-оңай іс деуге  болмайды. Бұл автобус сатып алу немесе ғимарат салу емес, сондықтан кез келген жағдайда қала мен бизнес  арасында қала тұрғындары түсінетін түсінікті шарттар алдын ала жария келісімдер жасалуы тиіс, өйткені инвесторға субсидиялар Алматы бюджетінен төленеді, ал жоба үшін жерді де бюджет арқылы сатып алады», – деді ол.

Urban Forum Kazakhstan тәуелсіз диалог алаңының тең ұйымдастырушы Әділ Нұрмақовтың сұрақтары бар. Қаржы қайдан, қанша мөлшерде және қалай пайдаланылады – түсініксіз. Спикердің айтуынша, бір нұсқа бойынша, инвестор ҚР үкіметіне тиесілі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) қаржыландыруын күтеді.

Фото: urbanforum.kz

«Бұл жобаға қатысты қаржылық жоспар түсініксіз. Әкімдік бұл инвестордың қаражаты дейді, бірақ іс жүзінде, басқа ақпарат бойынша, инвестор ҚДБ-ны қаржыландыруға үміттенеді, яғни бұл бәрібір бюджеттің ақшасы. Өкінішке орай, жоба қалай жұмыс істейтіні, инвестор өз салымдарын қалай қайтаратыны белгісіз. Бұл қайырымдылық емес, қаржылық жоспар және инвестицияларды қайтару жоспары болуы керек. Бұл жағдайда бұл әлі көрінбейді. Бұл бірінші кезекте пысықталуы тиіс мәселелер, инвестордың өзі мұны істеу керек», – деп атап өтті ол.

RAIL JET КОМПАНИЯСЫ

Сарапшыларда жобаны іске асыратын «Rail Jet» ЖШС компаниясына да сұрақтар туындайды. Әділ Нұрмақовтың айтуынша, компания осыдан бір жыл бұрын ғана тіркелген және бұрын дәл мұндай құрылыс тәжірибесі болмаған. Компания кадрлары сараптамаға қаншалықты қатиысты, біз әлі білмейміз.

«Жобаны ұсынатын компания, теміржол салуды біледі. Бірақ жүрдек трамвайдың жобасы – бұл тек рельстер ғана емес, бұл өте күрделі жоба, ең бастысы – құрылыс аяқталғаннан кейін оның қалай жұмыс істейтіні», - деді Әділ Нұрмақов.

Елена Ерзакович «Rail Jet» өкілдері бірнеше талқылауға келгенін, алайда компания соңғы таныстырылым өткізбегенін атап өтті. Мүмкін, Бақытжан Сағынтаев мырзамен жабық есік жағдайында кездесті.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Әзірге ЖРК-ның техникалық негіздемесі сарапшылық қоғамдастық пен жұртшылық үшін құпия болып қала береді.

Фото: academic-waters.org

«Техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) мамандардан ешкім көрген жоқ. Оны әкімге құжат түрінде ұсыну екіталай. ТЭН жарияланған кезде біз бұл сандар мен іске асыру схемасын көреміз. Мен қытайлық компанияның шарттарымен келісімшарт жасасқан астана сценарийін қайталамайды деп үміттенемін. Нәтижесінде не болғанын білеміз. Мамандарға бағасы, бағыттары, жылжымалы құрам параметрлері, тасымалдау көлемі және қаржыландырудың ашық моделі түсінікті құжаттама ұсынылады деп үміттенемін», – деді Елена Ерзакович.

Сарапшы трамвай желілері бір жыл ішінде салынбайтынын атап өтті. Сондықтан қандай да бір құжаттаманың және мақұлданған қаржыландырудың жоқтығын ескере отырып, Бахытжан Сағынтаевтың келесі жылы құрылыс басталатыны туралы айтқан сөзіне күмән келтірді.

Urban Forum өкілі жергілікті билік Нұр-сұлтан қаласының тәжірибесін ескеріп, техникалық мәселеге көп көңіл бөлуі керек деп есептейді.

«Біз осы сәттердің барлығын ойластыру үшін көп уақыт, күш пен сараптама қажет деп санаймыз. Инвесторлардың ақшасы қаншалықты тиімді жұмсалады, ол инженерлік мәселелердің барлығының пысықталуына байланысты. Жоба жарты жолда қалмай ма, өйткені ақша жеткіліксіз болса, нақты есептеу боолмаса, бәрі қорқып жүрген жағдай қайталанады. Жолаушылар ағыны бола ма, бұл желі ақтала ма», – деп атап өтті Әділ Нұрмақов.

Сонымен қатар, ЖРК-ны кейін басқару қалай болады, бұл да үлкен мәселе. Билік қызметкерлерді оқытуға, желіні қолдауға кім жауап беретінін және құрылған инфрақұрылымға кім қызмет ететінін түсіндірмеді.

Фото: almaty-lrt.kz

Елена Ерзаковичтің айтуынша, әкім Бақытжан Сағынтаевқа соңғы 2 жылда оның жобасын сарапшылар тобымен және түрлі мамандармен талқылау ұсынылған. Алайда, осы уақыт ішінде Алматы қаласының әкімдігі кәсіби пікірталастар, тіпті одан да көп қоғамдық пікірталастар өткізген жоқ. Мұндай жабықтық алматылықтар үшін Сағынтаевтың жобасы астана сценарийін қайталай ма деген қорқынышын күшейтеді.