×
524.02
545.19
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.02
545.19
5.09

«Биылғы жағдай басқаша»: әкім Қилыбаев Маңғыстауда ереуілдер биыл азайғанын айтты

Бүгін, 12:06
«Биылғы жағдай басқаша»: әкім Қилыбаев Маңғыстауда ереуілдер биыл азайғанын айтты
Ulysmedia коллажы

Ереуіл жиі болатын аймаққа әкім болу қиын ба? Бұл сұрақ ОКҚ алаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаевқа қойылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ

Нұрдәулет Қилыбаев бұл сұрақ өзіне жиі қойылатынын айтады. Әкім мұндай сұрақтарды “қанталап тұрған жерін пісіп алғандай сезінетінін” айтады.

– “Маңғыстаудың халқы қиын” дегені менің де жаныма батады. Маңғыстауға барып қонақжай халқын көріңіз. Бүкіл халық қиын деп айтуға келіспеймін. Маңғыстаудың халқы – қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрін сақтап отырған, қонақжай, қонақ келсе ішкен асын жерге қоятын халық. Қонақ шақырудан әлем чемпионаты болса, Маңғыстаудағы жеңгелеріңіз бас жүлдені ешкімге бермейтін сияқты. Сіз айтып отырған мәселе – қазекеңнің “бір құмалақ бір қазан майды бұзады” дейтін әңгімелер. Олай барша халыққа баға бермеулеріңізді сұраймын, – дейді ол.

Әкім Қилыбаев журналистің сұрағына жауапты жалпылай айтып кетті. “Маңғыстаулық” дегендердің қатарына Қашаған мен Есілдерден бастап Әбіш Кекілбаевқа дейінгі тұлғаларды тізіп атады. Шахматтан Бибісара Асаубаева да өз өңірінен екенін қосты. Өңірден шыққан боксшыларды да айтты. Осы кезде журналист сұрағын нақтылап, ереуілге ғана қатысты қойғанын әкімнің есіне салды.

– Бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл жағдай басқаша. Сіздің айтып отырғаныңыз – Жаңаөзендегі ереуіл шығар. “Өзенмұнайгазда” 10 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Оның 15 мыңында еңбек ететін мердігер мекемелер бар. Бәрін қосқанда 25 мың адам жұмыс істейді. Ереуілде тұрғаны – 300-400 азамат. Қазір бәрі шүкір, жұмыс беруші мен жұмысшылардың ортасында мәміле бар. Барлық азаматтар жұмыстарына шығып кетті. Жалпы, жоққа шығармаймын, айтып тұрғаныңыздың шындығы да бар. Жеке басым – Маңғыстауға әкім болу мен үшін бақыт. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Бәрі де өзіміздің ауылдың азаматтары. Бұйырса, бәрі жақсы болады деп сенемін. Соған келе жатыр, – дейді ол.

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЕРЕУІЛ

Жаңаөзендегі “Өзенмұнайгаз” АҚ-ға қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясының жұмысшылары 12 қарашада ереуілге шыққан еді. Олар ҚазМұнайГазға бес талап қойған. "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" мекемесінің жұмысшылары кейін ереуілді тоқтатқан.