×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістан облысында әжетханалар тоналып жатыр

20.12.2021, 20:31
Түркістан облысында әжетханалар тоналып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында әжетханалар шетінен тоналып жатыр. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, халықтың есебінен тұрғызылған дәретханалар бір күн де жұмыс істемеген көрінеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, Келес ауданында жол бойындағы әжетханалар шетінен тоналып жатыр. Бюджеттің қыруар қаржысына салынған нысандар бір күн де жұмыс істемепті. Сондықтан айдалаға дәретхана салдыру идеясын жергілікті жұрт шенеуніктердің ақша жымқыру үшін ойлап тапқан кезекті әдісі болуы мүмкін деп санайды. Былтыр ғана салынған дәретханалардың ішіне қазір кіру мүмкін емес. Есіктері ұрланып, қабырғалары қирағаны былай тұрсын, іші мен сырты нәжіс пен қоқысқа толып қалған.

«Мұның дәрет сындыратын жері жоқ-ау. Кіріп көремін болмайды. Былтыр есігі бар еді, қазір есігі жоқ. Мұны қарайтын адам жоқ. Кім қарайды бұған? Өкімет қарамайды, басқа қарамайды. Бұл қарапайым халықтың есебінен салынған нәрсе. Дәрет сындырасың арт жағына сындырасың. Оның ішіне сындыра алмайсың ғой, көрсеңізші», - деді Келес ауданының тұрғыны Әлібек Құралов.

Ал тас жол бойына модульді әжетхана қою идеясы 2 жыл бұрын Келес ауданының шенеуніктеріне келіпті. Қаңылтырдан салынған нысанды аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қабылдап та алған. Сөйтіп, әр әжетхананы ең жақын ауылдық әкімдіктерінің есебіне берген. Алайда қараусыз қирап қалған дәретханаға шенеуніктер қанша қаржы жұмсағанын айтпай отыр.

«Қараусыз қалған әжетханалар бойынша тиісті ұсыныс хаттар жолданған ауыл округі әкімдіктері тарапына, Келес аудандық әкімшілік тарапына және қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» АҚ теңгеріміне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құжаттар рәсімделу барысында», - деді Келес ауданы ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шырынбек.

Жауаптылар тиісті орындарға тапсырма берілді деп қана шектелді. Ал, нысандардың қашан қалпына келетіні және халық игілігіне қай уақытта берілетіні белгісіз.