×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Теңізде 40 мыңға жуық жұмысшы қысқартылмақ

21.12.2021, 07:30
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

2022 жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады деп  хабарлайды Ulysmedia.kz отандық телеарнаға сілтеме жасап.

Кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 пайызы атыраулықтар болып отыр. Сондықтан келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін.

Осылайша жаңа жылдың алғашқы 3 айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның 3 мыңға жуығы Атырау облысының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясында жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатқаны айтылады. Мәселен «Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылған.

Ал жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады дегенге сендіреді.

«Қысқарған жағдайда, өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай-химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар», – дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

2022 жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады. Кен орнындағы «Келешек кенею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 проценті атыраулықтар екен. Енді келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін. Жаңа жылдың алғашқы 3 айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның 3 мыңға жуығы Атырау обылсының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясы жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр. «Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылыпты. Ал жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады деп отыр. Еркебұлан Әбілқасымов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: - Қысқарған жағдайда өздеріңіз білесіздер мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/517146-te-iz-kenishinde-zh-mys-istejtin-39-my-adam-zh-mystan-ys-artylady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Серіктес жаңалықтары