×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Зауыт үстіндегі қызғылт түтін – министр түсінік берді

21.12.2021, 18:21
Фото; КТК

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

КТК-ның мәліметінше, брифинг барысында БАҚ өкілдері Өскемен қаласынан тараған видео туралы сауал қойды. Видеодан қаладағы титан-магний кәсіпорнының аумағында қызғылт түтін пайда болғанын көруге болады. Министр сауалдарға Өскеменнен шұғыл келіп түскен мәлімет бойынша жауап берді.

«Бүгін сағат 12.00-де экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы «ТМК» АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады», - деді Серікқали Брекешев.

Серіктес жаңалықтары