Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа журналистер үкіметте Сәтбаевта былтыр жауған қара қар жайлы сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Бұл сұрақтың қойылатынын білгенмін. Тиісті талдау жүргізілді. Азот диоксиді мен оксидтің концентрациясы рұқсат етілген шектен асып кеткені тіркелді. Қандай шара қабылданғанын нақты айта алмаймын. Айнаш (баспасөз хатшысы) отыр. Сол ақпарат береді, – деді Ерлан Нысанбаев.
Министр осы оқиға бойынша нақты қандай шара қабылданғанынан хабарсыз болып шықты. “Ол кезде еңбек демалысында болдым” деп жауап берді.
СӘТБАЕВТА ЖАУҒАН ҚАРА ҚАР
Былтыр Сәтбаевта қара түсті қар жауып, жұртты дүрліктірген. "Kazakhmys Distribution" компаниясы Сәтбаевта қара қардың түсуіне қатысы бар екендерін жоққа шығарған еді. Компанияның мәлімдеуінше, Сәтбаев қаласының шетінде орналасқан №1 жылу станциясы қаланы және оған іргелес өндірістік нысандарды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.