×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Абай, Бауыржан Момышұлы, Бөкейхан. Қарағандыда 23 мектеп атауы өзгереді

22.12.2021, 11:52
Фото: ашық дереккөзден

ҚР үкіметінің №890 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысында бірқатар білім беру ұйымының атауы өзгереді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Нұра ауданы көпсалалы колледжіне Болат Әбдікәрімовтың, Қарағанды қаласы № 68 мектеп-интернатына Мартбек Мамыраевтың, Жаңаарқа ауданының № 132 тірек мектебіне Еламан Шахановтың, Қарағанды қаласы № 9 гимназиясына Қазыбек Нұржановтың, № 104 мектеп-гимназиясына Абай, Қарағанды қаласы № 34 жалпы білім беретін мектебіне Жақып Ақбаевтың, Қарағанды қаласы № 101 мектеп-лицейіне Ыбырай Алтынсариннің, Сәтбаев қаласы № 9 жалпы білім беретін мектебіне Қаныш Сәтбаевтың, Сәтпаев қаласы № 15 жалпы білім беретін мектебіне Әлкей Марғұланның, Сәтбаев қаласы № 1 мектеп-гимназиясына  Бауыржан Момышұлының, Сәтбаев қаласы № 19 мектеп-лицейіне Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін», – делінген құжатта.

Ал Осакаров ауданындағы № 1 тірек мектебі Әлихан Бөкейханның, № 5 жалпы білім беретін мектебі Жамбылдың, № 21 жалпы білім беретін мектебі Ахмет Байтұрсынұлының, № 23 тірек мектебі Қаныш Сәтбаевтың, № 26 тірек мектебі Абайдың, № 29 жалпы білім беретін мектебі Ыбырай Алтынсариннің атын иеленбек.

Балқаш қаласында № 8 жалпы білім беретін мектебі Бауыржан Момышұлының, № 16 жалпы білім беретін мектебі Әл-Фарабидің, № 17 мектеп-лицейі Әлімхан Ермековтың және Оқушылар сарайы Ағыбай батырдың есімімен аталмақ.

Шет ауданындағы Красный-Полян жалпы білім беретін мектебі Шәкәрім атына және Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты Абай атына өзгертіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары