×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қостанайда адамға қасқыр шапты

27.12.2021, 13:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Оқиға Наурызым ауданында болған деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24 желтоқсанда аудан орталығынан 35 шақырым жерде – Қарамайша ауылында орын алған жағдайда, жыртқыш жеке үйдің ауласына кіріп кетіп, сол кезде көшеге шыққан 40 жастағы ер адамға шапқан. Түз жануарын айқайды естіп, жүгіріп келген көрші кісі балтамен ұрып өлтірген.

Қазір зардап шеккен Қарамайша ауылының тұрғыны аудандық ауруханада дәрігерлердің бақылауында болып, оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтіні жазылуда.

«Өлтірілген қасқыр облыс орталығына сараптамаға жіберілді», – делінген жергілікті портал дерегінде.

Серіктес жаңалықтары