2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 4 облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облысы:
"Костанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Карабутак" автожолының 5-199 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы - Әйке ауылы).
Шығыс Қазақстан облысы:
"Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы - Алтай қаласы).
Қостанай облысы:
"Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы - Арқалық қаласы).
Ұлытау облысы:
"Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы - Қостанай облысы шекарасы).
Бұрын жабық болған Ақмола облысындағы "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы - Жақсы ауылы) мен Солтүстік Қазақстан облысындағы "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Рузаевка ауылы - Ақмола облысы шекарасы) жол ашылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 458 арнайы техника мен 1177 маман жұмылдырылды.