×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

01.01.2022, 17:19
Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды
Фото: ашық дереккөз

Жаңа жылдан бастап Қостанай облысында жылу бағасы 5% қымбаттайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бекітілген тариф 2025 жылға дейін өзгеріссіз қалады. Бұдан былай есептегіш қондырғылары бар тұрғындар тұтынылған гигакалория үшін 192 теңге артық төлейді.

Жылыту компаниясы қызмет құнын көтермес бұрын даму стратегиясын әзірлеп, жылу жүйелерінің жағдайын бағамдаған. Қазір жылу құбырларының 70 проценті тозған.

«Коммуналдық кәсіпорын әрі қарай дамып, жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Жаңа жабдықтар сатып алады. Бұның бәрі халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында жасалып жатыр», - дейді Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Гасанов.