×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

БҚО-да 19 жастағы жігіт жол апатынан қаза тапты

04.01.2022, 00:56
Фото: ашық дереккөз

Түрлі жарақат алған тағы бес адам Тайпақ ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-ның мәліметінше, қайғылы оқиға қаңтардың үші күні сағат 16:40-та Орал-Атырау тасжолының Томпақ ауылынан алыс емес жерде болған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жолда «Ауди» және «Фольксваген Пассат» маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан алты адам зардап шекті.

«Өкінішке қарай, жол апатынан 19 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Қалған зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарымен Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады полицейлер.

Қайғылы оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары