×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Жамбыл облысында пара берген адам да, оны алған шенеунік те сотталды

Жамбыл облысында пара берген адам да, оны алған шенеунік те сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

20 наурызда Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Кемеловқа қатысты үкім шығарды.

ПАРА АЛУ

Шенеунік жүк автомашиналарының иелері мен жүргізушілері М. Мамыровтан, Н. Абдуллаевтан және Е. Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

СОТ ҮКІМІ

Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа әрқайсысына 5,6 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.